You are currently viewing 🏹 STUD JEBE CUP: үздік мергендер анықталды

🏹 STUD JEBE CUP: үздік мергендер анықталды

Халықаралық студенттер күніне орай Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттер арасында садақ атудан STUD JEBE CUP турнирі өтті.

Мергендік пен дәлдік сынға түскен спорттық додада қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіс үшін бақ сынады.

🏆 Турнир қорытындысы бойынша:

🥇 I орын – Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі;

🥈 II орын – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті;

🥉 III орын – Атырау индустриалдық колледжі.

Колледжіміздің намысын қорғаған қыздар мен ұлдар командаларына белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз!

Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға алдағы жарыстарда сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Біздің мергендер – біздің мақтанышымыз! 🏹👏