17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен студенттер арасында «BRAIN BATTLE» интеллектуалдық сайысы өтті.
Білім мен зерде сынға түскен тартысты додаға өңірдің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыс барысында қатысушылар логикалық ойлау, білімді жылдам саралау, тапқырлық пен шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.
Интеллектуалдық жарыс студенттердің білім деңгейін байқап қана қоймай, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға, өзара тәжірибе алмасуға және жастардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді.
🏆 Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 I орын – С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті;
🥈 II орын – Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі;
🥉 III орын – С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі.
Колледж намысын абыроймен қорғап, жүлделі II орынды иеленген студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Бұл нәтиже – білімге деген құштарлықтың, ізденістің және бірлесе жұмыс істей білудің жемісі.
Студенттерімізге алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!
Білімді ұрпақ – ел болашағы! ❤️
