You are currently viewing 🤝 Ата-аналар мен колледж ынтымақтастығы – табысты тәрбиенің негізі

🤝 Ата-аналар мен колледж ынтымақтастығы – табысты тәрбиенің негізі

Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде ата-аналар комитетінің отырысы өтті. Жиынның басты мақсаты – колледж бен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, студенттердің тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және ортақ мәселелерді бірлесе шешу.

📌 Отырыс барысында келесі мәселелер қарастырылды:

🔹 Студенттердің тәрбиесі, тәртібі және жауапкершілігін арттыру мәселелері;

🔹 Құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау;

🔹 Колледж бен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту және бірлескен жұмысты жандандыру жолдары;

🔹 Ата-аналар комитетінің құрамын қалыптастыру және жауапты мүшелерді тағайындау.

✅ Отырыс шешімімен Уразғалиев Құрмет Серікқалиұлы колледждің ата-аналар комитетінің төрағасы болып сайланды.

Комитеттің жауапты мүшелері болып төмендегі ата-аналар тағайындалды:

1️⃣ Шариполлаева Гүлвира;

2️⃣ Өтепова Самал.

💬 Ата-аналар комитеті – колледж бен отбасы арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мақсаттарға жетуге ықпал ететін маңызды қоғамдық құрылым. Студенттердің сапалы білім алып, саналы, тәрбиелі әрі жауапты азамат болып қалыптасуында ата-ана мен білім беру ұйымының бірлескен жұмысы ерекше орын алады.

Колледж бен ата-аналар арасындағы өзара түсіністік пен сенімге негізделген серіктестік жастардың жан-жақты дамуына, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Барша ата-аналарды ортақ іске белсенді қатысып, жас ұрпақтың жарқын болашағы жолында бірлесе еңбек етуге шақырамыз!

Бірлік бар жерде – береке бар. Бірлесе атқарған жұмысымыз жемісті болсын!