Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы ұйымдастырған «Power Week: Күш пен жігер» атты әдістемелік онкүндік аясында Өнербек Жандарбекұлы Дт/25.21 тобының студенттерімен «Студенттердің дене дайындығы (жасанды интеллект элементтерімен)» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
💪 Сабақтың басты мақсаты — студенттердің дене дайындығын жетілдіру, физикалық қасиеттерін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру және дене тәрбиесі сабақтарында жасанды интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін қолдану жолдарымен таныстыру.
Сабақ барысында студенттер дене жаттығуларын орындап, күш, ептілік, жылдамдық пен төзімділікті дамытуға бағытталған практикалық тапсырмаларға қатысты. Жаттығуларды дұрыс орындауға, дене белсенділігін арттыруға және өз денсаулығына саналы түрде қарауға ерекше назар аударылды.
🤖 Сабақтың маңызды бөліктерінің бірі — дене дайындығын бағалау және жаттығу үдерісін жетілдіру мақсатында жасанды интеллект элементтерін қолдану мүмкіндіктерін қарастыру болды. Заманауи цифрлық технологияларды пайдалану оқу-жаттығу сабақтарын тиімді ұйымдастыруға, нәтижелерді талдауға және студенттердің жеке ерекшеліктерін ескеруге қосымша мүмкіндіктер береді.
Дене тәрбиесінің дәстүрлі әдістері мен заманауи технологияларды ұштастыру білім алушылардың цифрлық сауаттылығын дамытуға, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға және өздерінің физикалық дамуы бағытында өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
🏅 Ашық сабақ кафедраның оқу үдерісін жетілдіруге, білім беру саласына заманауи тәсілдерді енгізуге және дене шынықтыру мен спорт саласындағы болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік жұмысының бір бөлігі болды.
🔥 Күш — денеде, жігер — жүректе, жеңіс — еңбекте.
