30 сәуір күні Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, Атырау облысы Білім басқармасымен бірлесе отырып, «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен жылдың ең жарқын кештерінің бірі — «MISS & MISTER ASU 2026» байқауы жоғары деңгейде өтті.
Бұл кеш сұлулық пен таланттың, сахна мәдениеті мен ерекше энергияның нағыз мерекесіне айналды. Қатысушылар тек сыртқы келбетімен ғана емес, өздерінің шығармашылық қабілетімен, сахнадағы еркіндігімен және харизмасымен ерекшеленді.
Әр кезең — ерекше эмоция, әр сәт — ұмытылмас әсер сыйлады. Қатысушылардың өнері мен дайындығы көрермендер тарапынан жоғары бағаланып, кештің сәнін кіргізді. Көрермендердің ыстық ықыласы мен қолдауы кештің ажарын одан сайын аша түсті.
✨ Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
🥇 Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі
Жұмабай Диана & Бауыржанов Диас
🥈 Атырау жоғары медициналық колледжі
Кенжебекұлы Аян & Жұпқали Анель
🥉 APEC Petrotechnic жоғары колледжі
Айтжанов Әділжан & Жұмажан Гүлім
💫 Көрермендер көзайымы:
Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі
Осындай байқаулар жастардың жан-жақты дамуына, өз қабілеттерін танытуына және жаңа белестерді бағындыруына үлкен мүмкіндік береді.
Сіздер — болашақтың жарқын жұлдыздарысыздар ⭐















