📚 Жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында Ашық есік күніне келген мектеп оқушыларына арналған 🌿 Ecology Quiz экологиялық сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
👩🎓👨🎓 Сайысқа
@zhumeken_nazhmedenov_mektebi,
@15abaimektebi,
@schoollyceum16,
@school_lyceum20atyrau мектептерінің оқушылары қатысып, өз білімдерін, тапқырлықтарын және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті.
🌍 Қатысушылар экология саласына қатысты сұрақтарға жауап беріп, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, оқушылар түрлі интеллектуалдық тапсырмаларды орындап, командалық жұмыс барысында белсенділік пен ұйымшылдық танытты.
💡 Сайыс барысында қатысушылар экологиялық мәселелерге бейжай қарамайтындарын көрсетіп, табиғатты аялау – әр адамның маңызды міндеті екенін дәлелдеді. Іс-шара жастардың экологиялық сауаттылығын арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.
🏆 Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – №15 Абай атындағы орта мектептің «OYU» командасы
🥈 II орын – №2 Ж. Нәжімеденов атындағы орта мектептің «9В» сыныбы және №20 А.С. Пушкин атындағы орта мектеп командасы
🥉 III орын – «Senim» командасы және №16 Ж. Қаражігітов атындағы орта мектептің «Air Force» командасы
👏 Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен білімге деген қызығушылықтары үшін үлкен алғыс білдіреміз!
🎉 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!







