🎓 КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ШАРАСЫ
2026 жылғы 2 сәуірде Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде кәсіби бағдар беру аясында мектеп оқушыларына арналған экскурсия және QAZAQSHA QUIZ зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, олардың логикалық ойлау қабілетін, зеректігін және танымдық белсенділігін дамыту болды.
👥 Шараға №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп, №15 Абай атындағы орта мектеп, №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектеп, №12 Ф.Досымова атындағы жалпы орта мектеп және Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектептің оқушылары қатысты.
📌 Іс-шара барысында:
🔹 Оқушыларға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылып, оқу кабинеттері, материалдық-техникалық база және білім беру мүмкіндіктері таныстырылды.
🔹 QAZAQSHA QUIZ зияткерлік ойыны өткізіліп, қатысушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
🔹 Оқушылар колледж өмірімен жақынырақ танысып, мамандықтар туралы пайдалы мәліметтер алды.
💡 Қатысушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысып, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
👏 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және болашақта дұрыс мамандық таңдап, үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!
