Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде студент қыздардың сұлулығы мен өнерін, ақыл-парасаты мен талғамын дәріптейтін дәстүрлі «MISS PSK – 2026» байқауы жоғары деңгейде өтті. Бұл жарқын шара колледж өміріндегі ең әдемі әрі әсерлі мәдени кештердің бірі болып, студенттер мен көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Байқау барысында аруларымыз бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар өздерін бейнеролик арқылы таныстырып, қазақы ұлттық сән үлгілерін көрсетіп, шаш өру шеберліктерін паш етті. Сонымен қатар әр қатысушы өз өнерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Бұл кезеңдер қатысушылардың тек сыртқы сұлулығын ғана емес, сонымен қатар олардың таланты, мәдениеті мен сахнадағы еркіндігін айқындады.
Кеш өте әсерлі, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлаған мерекелік атмосферада өтті. Қатысушылардың өнеріне қолдау білдірген көрермендер залды жылы ықыласқа бөледі. Әділқазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары анықталып, арнайы номинациялар мен басты тәж иегері марапатталды.
Бас жүлде 👸 – Маликова Дильназ (Ақпараттық-техникалық бөлім, БҚЕ/25.11 тобы)
1-орын – Омарова Румия (БББ/24.21 тобы)
2-орын – Оңғар Мадина (А/24.21 тобы)
3-орын – Губашева Ақерке (БББ/25.12 тобы)
Арнайы номинациялар:
🔹 «Қылықты ару» – Ергазиева Нурай (ШТ/25.12 тобы)
🔹 «Сәнді ару» – Арынбаева Алина (А/23.34 тобы)
🔹 «Сымбатты ару» – Рахмет Диляра (ШТ/25.11 тобы)
🔹 «Көрікті ару» – Алимжанқызы Нұрдана (ҚҚ/25.22 тобы)
🔹 «Өнерлі ару» – Сағи Жаннұр (А/25.11 тобы)
🔹 «Креативті ару» – Макарова Зарема (МДТ/25.11 тобы)
🌸 Барлық қатысушыларымызға батылдықтары мен белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
🌸 Жеңімпаз аруларымызды шын жүректен құттықтаймыз!





















