You are currently viewing SkillFusion: педагогикалық инновация мен шығармашылықтың жарқын тоғысы

SkillFusion: педагогикалық инновация мен шығармашылықтың жарқын тоғысы

2025 жылдың 19 желтоқсанында 🎉 Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде 🏫
«Мектепке дейінгі педагогика, психология және әдістемелік пәндер» бірлестігінің апталығы аясында ✨
Заманауи педагогикалық инновациялар мен шығармашылықты біріктіру – «Skillfusion» атты облыстық байқау өтті 🚀📚

Байқаудың басты мақсаты 🎯 — оқытушылар мен студенттердің бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру арқылы 🤝
педагогикалық өзара әрекеттестікті, шығармашылықты дамыту 💡🎨.
Жобалар цифрлық технологияларды қолдануға 💻📱, кәсіби және метапәндік құзыреттерді жетілдіруге 🌱,
сондай-ақ заманауи білім берудің үздік тәжірибелерін таратуға бағытталды 🌍✨

Аталған байқауда 👏
Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы
Налық Айжанат Маратқызы 👩‍🏫
және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс студенті
Бадел Жұлдыз Мерекеқызы 👩‍🎓
жоғары дайындық пен шығармашылықтың үлгісін көрсетіп 🌟
III дәрежелі дипломмен 🏆 марапатталды!

🎊 Құттықтаймыз! 🎊
Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз! 💐✨