You are currently viewing WorldSkills Kazakhstan X: шеберлер сайысы басталды

WorldSkills Kazakhstan X: шеберлер сайысы басталды

⌛️ Бүгін Қазақстанның ең шебер жастары бір алаңға жиналды!

📍 WorldSkills Kazakhstan X республикалық чемпионаты өз жалауын көтерді. Елдің түкпір-түкпірінен келген талантты жастар “Кім мықты?” емес, “Кім шебер?” деген сұраққа жауап беру үшін бақ сынауға дайын.

🔰 Біздің колледжден 2 құзыреттілік бойынша 2 қатысушы:

  • “Электромонтаждық жұмыстар” — Аманқұл Нұрбол (жетекшісі Иманалиева С.Т.)
  • “Мектепке дейінгі тәрбие” — Бадел Жұлдыз (жетекшісі Налық А.)

📚 Ашылу салтанаты шабыт пен серпінге толы болды: қатысушылардың көзінде — мақсат, жүрегінде — арман, ал алаңда — жаңа мүмкіндіктер.

🔝 Бұл чемпионат — тек жарыс емес. Бұл — болашақ мамандардың үлкен жолға жасаған алғашқы қадамы, қабілетін дәлелдеудің сахнасы. Еліміздің атын халықаралық аренада танытатын жаңа чемпиондар дәл осы жерден шығуы мүмкін‼️

✊ Сәттілік, PMVK мықтылары!