You are currently viewing KAZENERGY ГРАНТЫ

KAZENERGY ГРАНТЫ

🌟 Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің студенттері – KAZENERGY грантының иегерлері!

KAZENERGY қауымдастығы 2025–2026 оқу жылына арналған конкурстық іріктеу нәтижелерін ресми түрде жариялады.
Қуана хабарлаймыз: колледжіміздің 17 студенті іріктеуден сәтті өтіп, беделді KAZENERGY грантының иегері атанды!

Бұл – біздің білім алушылардың жоғары дайындығын, білімге деген талпынысын және кәсіби өсуге деген нық ұмтылысын көрсететін маңызды жетістік.

Грант иегері атанған студенттердің мамандықтары:

  • «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» – 12 студент

  • «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару (профиль бойынша)» – 4 студент

  • «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» – 1 студент

Әрбір жеңімпаз еңбекқорлықтың, табандылықтың және мақсатқа жетудегі жігердің жарқын үлгісін көрсетті.
Олардың жетістігі – дамуға және жаңа биіктерге ұмтылған барлық жастар үшін шабыт көзі.

Студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы оқу жолында толағай табыстар мен кәсіби жеңістер тілейміз! 🌟