You are currently viewing КОЛЛЕДЖ-МЕКТЕП-БАЛАБАҚША үштік одақ меморандумы аясында ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ -2024

КОЛЛЕДЖ-МЕКТЕП-БАЛАБАҚША үштік одақ меморандумы аясында ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ -2024

1 наурыз күні КОЛЛЕДЖ-МЕКТЕП-БАЛАБАҚША үштік одақ меморандумы аясында, Атырау облысы білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру сабақтастығы: тәжірибе, ұсыныстар, жобалар» тақырыбында облыстық форумға Колледжімізден «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының меңгерушісі «Бастауыш білім беру» мамандығының арнайы пән оқытушысы Нұрғабылова Жаннұр Нұрғабылқызы «Бастауыш білім беруде Worldskills элементтерін қолданудың тиімділігі» тақырыбымен спикер болып қатысып баяндама жасады. Колледжіміздің Бастауыш білім беру мамандығы бойынша Worldskills чемпионатындағы практикалық жұмыстарымен бөлісе отырып, қазіргі заман талабына сай болашақ кәсіби маман дайындаудағы міндеттер мен атқарылатын жұмыстарды саралап жеткізе білді. Форумнан әріптесіміз жақсы тың идеялармен танысып, креативтік болашақ мамандар дайындаудың жаңа моделін қалыптастыру бағытындағы көптеген тәжірибелер жинақтап, Алғыс хатқа ие болды.

/ғылыми-әдістемелік бөлім/