29 ақпан күні колледж педагогтері арасында «Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері: замануи трендтер мен инновациялық тәжірибелер» тақырыбындағы педагогикалық оқулары өткізілді. Педагогикалық оқытудың негізгі мақсаты: педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік, ғылыми- зерттеу және инновациялық қызметін жандандыру; педагогтің кәсіби деңгейін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені анықтау мен насихаттау; білім сапасын арттыруда оқыту технологияларын және оқыту платформаларын тиімді қолдану. Педагогикалық оқыту нәтижесі бойынша:
1️⃣ — орын Орынбасаров Рахымжан Асқарұлы
2️⃣- орын Бердіғожина Маусымжан Лесқалиқызы
3️⃣- орын Кубашева Райгул Кибатуллаевна иеленді.
Сонымен қатар, өз іс- тәжірибелерін таратқан педагогтер Сарсекенова Алмажай Зарлыхановна, Муханова Мейрамгул Кадирбековна және Жаналиева Майра Алтынбекқызы колледж басшысының *Алғыс хатымен және ынталандыру сертификаттарымен марапатталды.
/ғылыми-әдістемелік бөлім/