You are currently viewing Жаңа жыл құтты болсын

Жаңа жыл құтты болсын

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
ҚЫМБАТТЫ СТУДЕНТТЕР!
ҚАДІРЛІ АТА-АНАЛАР!

Сіздерді төрімізге енген Жаңа 2024 жыл – Ұлу жылымен шын жүректен құттықтаймын!
Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! Ұлу жылы арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!
Жаңа 2024 жыл – біздің ұжым үшін жаңашылдық пен тың үрдістің, биік кәсіби жетістіктер мен керемет оң өзгерістердің, жаңа ынтымақтастық шарттары мен жарқын кездесулердің бастауы болсын деп тілеймін. Келер жылдан күтеріміз көп, жақсылығымыз мол болсын.
Жаңа жылда шаңырақтарыңызға құт-береке дарып, істеріңіз өрге басып, бастамаларыңыз табысқа жетелесін.
Жаңа жыл құтты болсын!


Ізгі ниетпен,
Жоғары колледж директоры п.ғ.к., профессор
Мұстахим Харенұлы