You are currently viewing Ауызша журнал«Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ жерінің ұлылары»

Ауызша журнал«Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ жерінің ұлылары»

27 қазан күні «Ақпараттық техникалық бөліміне» қарасты «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мен «Технологиялық процестерді басқару» мамандықтарының 4/23.11 (Утегалиева А.Т.), 4/23.12 (Мурзашева С.Е.) және 17/23.11(Казбаева Б.К) жетекшілік еткен топтарының ұйымдастыруымен «Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ жерінің ұлылары» атты шара өтті.
Мақсаты: Ақын жазушыларымыздың өмірбаяны мен шығармашылығын оқытуда студенттерге жан – жақты білім беру үшін, жазушының азаматтық биік тұлғасы, туған халқына, оның әдебиетіне, мәдениетіне сіңірген еңбегін танып – білуге баулу.
Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ зиялыларының, “Алаш” қозғалысының жарқын өкілдері, ХХ ғасырдың басындағы қазақ романы мен қазақ драматургиясының негізін қалаушылар. Олар ұрпақтарына бай мұра қалдырды. Алаш зиялыларына арналған шара 4 бөлімді қамтыды. 1-ші бөлімінде ақындарымыздың өмір баяны, 2-ші бөлімінде “Шығармашылық мұра” ақындардың шығармашылығы жайында слайд қорғалды, 3-ші бөлімінде колледж кітапханашысы И.А.Броварник ұйымдастыруымен (“Кітап көрме”) таңдаулы шығармаларының жинақтарын, романдарын, өлеңдерін, журнал мақалалары мен конференцияға қатысушылардың баяндамаларын ұсынды.
4-ші бөлімінде «Поэтикалық парақша» студенттер ақындарымыздың үздік туындыларының ішінен «Шәкірт ойы» (С.Торайғыров), «Оқып жүрген жастарға» (С. Торайғыров), «Шығамын тірі болсам адам болып» (С. Торайғыров), «Нағып жатыр» (Ж. Аймауытов), «Оқу білім» (Ж. Аймауытов), «Еңбекшілдер ұраны» (Ж. Аймауытов) атты өлең шумақтарын көрерменге ұсынды.

#ОқуғаҚуштарКолледж #ЧитающийКолледж #Аймауытов #Торайғыров #ПСВК #Алаш