⚡️27 қазанда колледжімізде «Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті» тақырыбында облыстық студенттік ғылыми — практикалық конференциясы өтті.
Конференция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша жемқорлыққа қарсы қызметі, Атырау облысы білім беру басқармасы, облыстық Әдістемелік орталығы және Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өтті.
📣 Мақсаты: Білім алушылар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
☑️ Конференция жұмысына Атырау облысы Білім басқармасының басшысы Сламбеков Ерлан Талғатбекұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының бірінші орынбасары Жахин Нұрлан Серікұлы, Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Биманова Орынтай Молдашқызы, Атырау облыстық Әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптікбілім беру бөлімінің басшысы Кабиева Айнагул Сергейқызы қатысты.
☑️ Қалалық және аудандық колледж студенттері конференция тақырыбының аясында баяндамалар жасап, өзара пікір алмасты. 🔰Студенттер баяндамаларын қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты қадамдар атап айтылып, қорытындыланды:
✔️Байланыссыз негізде емтихан алу;
✔️Барлық академиялық топтарда «Оқытушы студенттер көзімен» атты әлеуметтік сауалнама жүргізу, нақты шаралар қолдану және талдау;
✔️Әрбір жұмыс орнында сенім жәшіктерін орнату;
✔️»Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керек» үгіт-насихат материалдарын тарату;
✔️»Парасыз емтихан» акциясын ұйымдастыру және үнемі үздіксіз жүргізу;
✔️»Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты суреттер конкурсын ұйымдастыру;
✔️Барлық Білім беру ұйымдарында құқық органдарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнамалар нормаларын түсіндіру.
✔️Сыбайлас жемқорлықтың нақты ауқымы туралы, қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлық нәтижесінде келтіретін зияны туралы, оның басқа да жағымсыз салдарлары туралы, оны тудыратын себептер туралы ақпаратты үнемі тарату қажет.
Студенттердің барлық баяндамалары «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы» стандарттарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» облыстық студенттік ғылыми — практикалық конференциясының материалдар жинағы болып жарияланды.