You are currently viewing «Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі»

«Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі»

#ПСВК #ҚӨҚЗЖК #ОқуғаҚұштарКолледж #Читающийколледж

16 наурыз күні Атырау облыстық балалар кітапханасының «Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі» теолог мамандармен сұхбат өткізді.
Облыстық балалар кітапханасының оқу залында Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің 14/21.21 және 19/22.21 топ студенттері арасында «Жәрдем-Атырау» қоғамдық қорының теолог маманы М.Д.Мұстафаевпен кездесу өтті.
Мақсаты: оқырмандардың дін туралы түсінігін кеңейте отырып, олардың діни сауаттылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, Отанын сүюге,имандылыққа, салт-дәстүр мен тарихты құрметтеуге баулу.
Кітапханашы А.Краубаева бүгінгі жасөспірім, ертеңгі азамат, сіздер тілімізді, дінімізді, тарихымызды танып, адал қызмет ететін адам болу керектігін ашып айтты. Сұхбат қонағы «Жәрдем – Атырау» қоғамдық қорының теолог маманы Мустафаев Мұрат Джамлидинұлымен таныстырды.
Мұрат Джамлидинұлы дін мен қоғам, дін мен мәдениет, діни сауаттылық, қазіргі таңның діни көзқарастары жөнінде оқырмандарға толық мағлұмат берді. Сұхбат барысында сұрақтар қойылып, ол сұрақтарға да жауаптар алынды.
Шара соңында оқырмандарға өз тарапынан Мұрат мырза тілек айтып, осындай шара ұйымдастырған облыстық балалар кітапханасы ұжымына да алғысын білдірді. Ал облыстық балалар кітапханасы ұжымы оқырман қауымына өз алғысын айтып, қонағымыздың діни сауаттылық жайында айтылған ақпараттармен бөліскеніне ризашылғын білдірді.
Діни сауатты болайық, ағайын!