21 қараша күні Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінде 1-курс білім алушыларына арналған «Студенттер күні» мерекесіне орай, студенттік билет пен сынақ кітапшасын салтанатты түрде табыстау үшін мәдени іс-шара өткізілді.
Аталмыш шарада арнайы шақырылған қонақтарымыз Жастар ресурстық орталығының директоры Төлеген Асылхан және «Жастар рухы» ЖҚ Атырау облыстық филиалының төрағасы Құрмет Абылай студенттерімізге жылы лебіздерін білдіріп, мерекесімен құттықтады.