You are currently viewing 17 наурызда студенттердің кездесуі өтті

17 наурызда студенттердің кездесуі өтті

17 наурызда «Автоматтандыру және басқару» және «электрмен жабдықтау» мамандықтары бойынша оқитын студенттердің NCOC компаниясының қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесу «Автоматика, энергетика және радиобайланыс»кафедрасының апталығына орайластырылды.
NCOC компаниясының персоналмен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Эльвира Сухарева колледждер мен жоғары оқу орындары түлектерінің оларға жұмысқа қалай орналаса алатыны және қандай талаптар қойылатыны туралы айтып берді. КИПиА және метрология аспаптары жөніндегі Инженер Тимур Самарханов және басқару жүйелері жөніндегі инженер Ернар Тастанбеков студенттермен өз тәжірибесімен және білімдерімен бөлісті. Олар жұмыста қандай дағдылар қажет болуы мүмкін екендігі туралы айтты. Кездесу барысында 2, 3 және 4 курс студенттері «Автоматтандыру және басқару»мамандығына қатысты сұрақтар қойды. Белсенді қатысқаны үшін кейбір студенттерге NCOC компаниясының сыйлықтары табысталды.