Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитеті жыл басы көктемнің айтулы мерекесі 8 — Наурыз мейрамымен колледжіміздің оқытушылары және техникалық қызметкерлерін, сонымен қоса студент а
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті “SENATOR” пікірсайыс клубының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған “KEMEL ADAM” пікірсайыс турниріне қатысып 16 фракция ішінен оза шауып жүлделі 2 орынды “PSVK” фракциясы иеленді. Облыс көлемінде өткен бұл пікірсайысқа барған 1 курс студентіміз Меңдігерей Айарудың пікірінше:
-Пікірсайыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Атырауда Пікірсайыс алаңын ашқан тұлғалармен таныс болдым. Сонымен қоса, адамның рухани байлығының бірі сөздік қордың мол болуы екенін ұғынғандаймын.
Колледж Президенті Орынбаева Алина:
- Бүгінгі ойын өте әсерлі болды. Яғни, тақырыптар ішінде “Болашақ” бағдарламасы, Поп-айдолдардың мәдениеті, Уақыт белдеуі, Экономика және экология, “Salem Social Media” жобалары сынды ауқымды тақырыптар қозғалды. Пікірсайыс жоғары деңгейде өтті.