Білім алушылардың «Оқу практикасынан » өту сәтінен

Каспий өңірінің  қазіргі заманға жоғары колледжінің «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы»  мамандығының 3 курс (13.19.31) білім алушылары, арнаулы пән оқытушысы Л.М. Уйрекбаева жетекшілігімен  Атырау мұнай және газ университетінің «Мұнай – химия инженериясы және экология институты базасындағы» зертханаларында теориядан алған білімдерін практикамен ұштастыруда.

Олимпиада есебі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бүгінгі білімді студент – ертеңгі білімді маман» атта жалпы білім беретін пәндер бойынша колледжішілік олимпиада желтоқсан айының  13-15 күндері өтті. Аталмыш олимпиада екі кезеңнен тұрды. Қатысқан студенттер  саны -236.  Екінші кезеңге өткен студенттер саны -80.

27 желтоқсан 2021 жылы олимпиаданың жабылу салтанаты өтіп, аталмыш кезеңдерге өткен  студенттер Колледж директорының алғыс хатымен және І,ІІ,ІІІ орындармен марапатталды.

Жүлделі орынға ие болған студенттер:

Қазақ тілі мен әдебиеті: Еламанқызы Аида-  І орын, Идаят Аружан-  ІІ орын,            Өтеген Ақниет- ІІІ орын, Құспан Гүлсезім,Мұқтар Индира-  Алғыс хат

Орыс тілі мен әдебиеті:  Ерлан Дильназ —  І орын, Владимирова Дильназ-  ІІ орын, Жолдасова Жанель- ІІІ орын, Саудабаев Айтжан, Дюешува Айымгуль —  Алғыс хат

Орыс тілінде оқытатын топтардағы қазақ тілі: Арынбаева Эльнура-  І орын, Кайырденова Акерке-  ІІ орын, Жолдыбаева Дильназ, Бүркітбай Мәдина- ІІІ орын, Тұрарбек Даулет, Избасаров Зарина-  Алғыс хат

Ағылшын тілі: Курмангазиева Зарина-  І орын, Мұтапих Айдын, Амангелді Жанель-  ІІ орын, Нұрадын Ляйля,Усеинова Рената-  ІІІ орын, Мұратова Айсұлу, Жігер Әбуғали, Смағұл Аяулым —  Алғыс хат

Қазақстан тарихы: Сәнжан Нұрасыл, Берикулы Батырхан —  І орын, Саудабаев Айтжан, Давыдова Алина —  ІІ орын, Зейнуллина Аружан, Серікқалиева Асель, Бекешов Мади-  І орын, Амантай Аружан, Өтеген Ақниет, Макуова Улжан, Вертинский Альберт —  Алғыс хат

Математика: Бегенбаева Дильназ, Тарабарин Константин —  І орын, Кайреденова Акерке, Мажитова Жұмагүл —  ІІ орын, Ахметов Әбубакир, Боран Канатбек —  ІІІ орын, Усеинова Рената, Старцева Карина, Баймұратова Жанерке, Айтуган Абай —  Алғыс хат

Информатика: Мусаев Султан-  І орын, Аралбай Бекзат, Құлбаева Аягөз, Сариев Есбол —  ІІ орын, Кораблев Даниил —  ІІІ орын,  Халил Дильяра, Жарманов Алтынбек —  Алғыс хат

Физика: Давыдова Алина, Мырзаш Ақгүл  —  І орын, Ахметов Әбубакир, Багитжан Ақгүл —  ІІ орын, Искалиева Регина, Аманбай Бақытгүл — ІІІ орын, Жақсылық Дәурен, Мажит Манас —  Алғыс хат

Химия: Куанышбеков Исламбек —  І орын, Альмуханова Нурдаулет-  ІІ орын, Өмірзақ Бейбарыс-  ІІІ орын, Аманжолов Рамазан, Туребаев Айбын-  Алғыс хат

Биология: Қазантаева Аяла  —  І орын, Сериккалиева Асель -ІІ орын, Мырзаш Ақмарал-ІІІ орын, Мұхтар Индира, Идаят Алтынай-  Алғыс хат

География: Саудабаев Айтжан —  І орын, Батырханов Алдияр-ІІ орын, Алмуханов Нурдаулет-ІІІ орын, Сәндібай Нарынбай-  Алғыс хат

Шығармашылық — ұстаздың екінші тынысы

Шығармашылық — ұстаздың екінші тынысы. Білім бере жүріп, шығармашылықпен шұғылдану — елеулі іс. Колледж оқытушысы Рахымжан Асқарұлының шығармашылығымен көптен таныспыз. Мектеп кезінен басталған бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасуда. Бүгінде БАҚ беттеріне өлеңдері жарияланып, бірнеше кітаптарға жырлары еніп, әуенге жазған сөздері ән болып тыңдарманға ұсынылды. Күні кеше Тәуелсіздіктің 30 жылдығына Атыраудың жас 30 ақынының шығармалары енген “Атырау толқындары” атты кітап оқырманға жол тартты. Сол антологияның ішіне Рахымжан Асқарұлының да бір топ өлеңдері енді. Жас та болса биік шыңдарды бағындырып жүрген әріптесімізге телегей шабыт, толағай табыс тілейміз. Шығармашылығы өркендей берсін!

«WorldSkills PSVK – 2021» колледжішілік чемпионаты

15 желтоқсан күні «Негізгі орта білім» құзыреттілігінің қатысушы студенттері В, Д Модулдері бойынша сынға түсті. В Модулі негізінде қазақ тілі немесе қазақ әдебиеті пәндері бойынша нақты тақырыпты меңгеруді қамтамасыз ететін білімді игеру деңгейіне сәйкес деңгейлік оқу тапсырмаларын құрастырып, оны жоғары деңгейде қорғап шықты. Сонымен бірге, Д Модулі бойынша жеребе арқылы таңдалған тақырыптардың біріне эссе жазып, ойды дәйектеу мен ақпаратты сауатты жеткізу сынды міндеттерді шығармашылық қабілеттерімен тамаша ұштастыра білді.
Бұл кезеңде әр қатысушы өз жұмыстарын дәлелдеп, жан-жақты ізденісте, өз ойын жүйелі тұжырымдап, оны жазу шеберліктері қалпында екендіктерін айқындап берді.
Шаршы алаңда Білімімен сыналған «Негізгі орта білім» құзыреттілігінің қатысушылары бір-бірінен асып түсіп, шашасына шаң жұқтырар емес.
Жас дарындылар додасының ЖЕҢІМПАЗДАРЫ желтоқсан айының соңғы аптасында белгілі болады. Дарындыларды бірге анықтайық!