21 қараша күні «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының онкүндігі аясында облыстық колледж студенттері және мектеп оқушылары арасында волейболдан жарыс өткен болатын. Спорт арқылы достықты нығайту мақсатында қыздар арасындағы 8 командалық волейболдан облыстық турнир жоғары деңгейде өтті . Нәтижесінде жүлделі 3 орынды Самал волейбол академиясы , 2 орынды Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің қыздар командасы және 1 орынды Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық колледжінің командасы иеленді. Жеңісті күндерде жолыққанша!!!
ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА! 🏆
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасындағы дәстүрлі облыстық спартакиада өз мәресіне жетті!
💪 Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі спорттың 6 түрінен сынға түсіп, 5 түрінен жүлдегер атанды:
🥇 Баскетбол — 1 орын+ Республикалық жолдама 🥇 Тоғызқұмалақ — 1 орын + Республикалық жолдама 🥈 Бес асық — 2 орын 🥈 Волейбол — 2 орын 🥉 Футбол — 3 орын
🔚 Жалпы есеп: 🏆2 орын!
Республикалық додада облыс намысын қорғайтын әріптестерімізге сәттілік тілейміз! ✨ Жеңісіміз жалғасын тапсын!