Құрметті ұстаздар!
Қадірлі ата-аналар!
Қымбатты студенттер!
Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің ұжымы атынан баршаңызды ата-бабамыздың арманы, ұрпағымыздың табан тірер тұғыры болған ұлы құндылығымыз – Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ» деген сөзін негізге ала отырып, жарқын күндердің есігін бірге ашуда тыныштығымыз бен тұтастығымыздан, ынтымағымыз бен бірлігімізден ажырамайық дегім келеді!
Тәуелсіздік баянды боп, елдігіміз бен ырыс-берекеміз арта берсін!