Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде «Қазақстан халқы – бір отбасындай» атты ұлттар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 🎉
Жәрмеңкенің басты мақсаты – Қазақстандағы түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастар арасында достық пен бірлікті нығайту.
Шара барысында студенттер әртүрлі ұлттардың ұлттық тағамдарын, мәдениеті мен дәстүрін таныстырып, өз өнерлерін ортаға салды. 🥰
Әр шаңырақтың өзіндік ерекшелігі көрініс тауып, мерекелік алаң достықтың, татулықтың және өзара құрметтің жарқын көрінісіне айналды. 🤝✨
🎭 Жәрмеңке барысында студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ұлттық мәдениеттің сан алуандығын танытуға белсенді атсалысты. Әрбір ұлттық бұрыш өзіне тән ерекшелігімен көпшіліктің қызығушылығын оятып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұлттық тағамдар мен дәстүрлер арқылы студенттер бір-бірінің мәдениетін жақынырақ танып, өзара түсіністік пен сыйластықты арттырды. Осындай іс-шаралар жастарды толеранттылыққа, достыққа және бейбітшілік құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелейді.
❤️ Әртүрлі мәдениет – біртұтас Қазақстан!
🌿 Бірлік бар жерде – береке бар!
🇰🇿 Біз – бір шаңырақ астындағы біртұтас елміз!












