You are currently viewing 📚 БЕЙІМДЕЛУ АПТАЛЫҒЫ: ЖАҢА ОРТА, ЖАҢА МҮМКІНДІК, ЖАҢА БАСТАМА

📚 БЕЙІМДЕЛУ АПТАЛЫҒЫ: ЖАҢА ОРТА, ЖАҢА МҮМКІНДІК, ЖАҢА БАСТАМА

Бүгін колледжімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1-курс студенттеріне арналған бейімделу апталығының алғашқы кездесуі өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – білім алушыларды колледждің тыныс-тіршілігімен таныстыру, жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету және студенттік өмірдің алғашқы қадамдарын сенімді бастауға бағыт беру.

Кездесу барысында студенттерге:
🔹 колледждің ішкі тәртіп ережелері;
🔹 білім алушылардың құқықтары мен міндеттері;
🔹 колледждегі қоғамдық, шығармашылық және кәсіби мүмкіндіктер;
🔹 студенттік өмірге белсенді араласудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сонымен қатар тәрбие процесінің негізгі басымдықтары – Конституция құндылықтары, «Еңбек адамы», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» бағыттары кеңінен түсіндіріліп, олардың күнделікті өмірдегі маңызына тоқталдық.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, колледждегі оқу және қоғамдық өмірге қатысты маңызды ақпараттармен танысты.
Жаңа ортаға бейімделу барысында өзара сыйластық, жауапкершілік және белсенділік танытудың маңызы атап өтілді.
Колледждегі әрбір студент өзін еркін сезініп, өз қабілеттерін дамытуға және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылуы қажет.
Бейімделу апталығы бірінші курс студенттеріне колледж ұжымымен жақынырақ танысып, студенттік ортаға сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.
Жаңа достар табу, қызығушылықтарын дамыту және колледж өміріне белсенді қатысу – студенттік кезеңнің маңызды әрі қызықты бөлігі.
Бұл апта студенттер үшін жаңа ортаға бейімделудің ғана емес, жаңа мақсаттар қойып, болашаққа сеніммен қадам басудың алғашқы баспалдағы болмақ.

✨ Жаңа оқу жылын жаңа мақсаттармен, жақсы көңіл-күймен және үлкен мүмкіндіктерге деген сеніммен бастаған 1-курс студенттеріне сәттілік тілейміз!

Колледждегі жаңа өмірлеріңіз сәтті басталсын!