You are currently viewing 📚 «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМІ» МАМАНДЫҒЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ

📚 «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ МҰҒАЛІМІ» МАМАНДЫҒЫНА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ

🎓 2026–2027 оқу жылына «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша оқуға түсуші талапкерлер үшін қабылдау емтихандары өткізілуде.
Қабылдау емтихандары талапкерлердің кәсіби біліктілігін, педагогикалық қабілетін, сауатты жазу дағдысын және мамандыққа бейімділігін анықтауға бағытталды.
🗣️ Бірінші кезең — кәсіби біліктілікті анықтау бойынша әңгімелесу.
Әңгімелесу барысында талапкерлердің қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызығушылығы, педагогикалық ойлау қабілеті, өз ойын еркін жеткізуі және болашақ мұғалім мамандығына бейімділігі бағаланды.
📝 Екінші кезең — жазбаша емтихан. Эссе жазу.
Талапкерлер ұсынылған тақырып бойынша өз ойларын жүйелі әрі сауатты жеткізіп, шығармашылық қабілеті мен қазақ тілін меңгеру деңгейін көрсетті.
📱 Қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әңгімелесу кезеңі ата-аналарға тікелей трансляция арқылы көрсетілді. Ата-аналар талапкерлердің емтихан тапсыру барысын онлайн бақылауға мүмкіндік алды.
✨ Қабылдау емтихандары ашықтық, әділдік және тең мүмкіндік қағидаттары негізінде ұйымдастырылды.
🇰🇿 Қазақ тілін құрметтейтін, ұлт руханиятын дәріптейтін ұстаз — болашақ ұрпақтың бағыт-бағдары.
Барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз! 🌿