📚✨ Жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында математика пәнінен ашық сабақ өткізілді ✨📚
👩🏫 Оқытушы: Қазбаева Б.Қ.
📘 Сабақтың тақырыбы: Көпжақтар және олардың элементтері
👥 Тобы: ББ/25.11
Сабақ барысында кеңістік геометриясының негізгі ұғымдары қарастырылып, көпжақтардың түрлері мен олардың элементтері жан-жақты талқыланды. Білім алушылар теориялық білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы бекітіп, кеңістік фигураларды талдау және модельдеу дағдыларын дамытты.
🎯 Сабақтың мақсаты:
✅ Барлық білім алушылар кеңістік фигураларын ажырата алады және оларды сыза алады.
⭐ Білім алушылардың көпшілігі кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын сыза алады, олардың жазбасы бойынша геометриялық денелерді анықтап, есептеу жұмыстарын орындай алады.
📌 Сабақ барысында интерактивті әдістер қолданылып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде байқалды. Топтық жұмыс пен жеке тапсырмалар арқылы тақырыпты меңгеру сапасы артты.
