You are currently viewing «Тарихи Quiz» – білім мен зерденің сайысы

«Тарихи Quiz» – білім мен зерденің сайысы

📚✨ Тарихқа толы тартысты сайыс! 🧠🏆

2026 жылдың 11 ақпан күні техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «TAРИХИ Quiz» интеллектуалды ойын сайысы өтті.
🎓 Б.Қанаттың жетекшілігімен колледжіміздің студенттері белсенді қатысып, өз білімдері мен біліктіліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
🗺️ Сайыс барысында қатысушылар:
📖 Қазақстан тарихы
🌍 Дүниежүзі тарихы
👤 Тарихи тұлғалар
⏳ Маңызды тарихи оқиғалар бойынша білімдерін сынға салды.
⚡ Интеллектуалды ойын кезінде студенттер тапқырлық, жылдамдық және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, нағыз білім бәсекесіне айналған тартысты сәттер сыйлады.
🏅 Нәтижесінде колледжіміздің командасы жоғары дайындық деңгейін танытып, белсенділігі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
👏 Бұл жетістік – студенттеріміздің білімге деген құштарлығы мен ізденімпаздығының, сондай-ақ жетекшінің сапалы ұйымдастыру жұмысының жарқын нәтижесі.
🇰🇿 Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, отансүйгіштік рухын арттырып, білімге деген қызығушылығын нығайта түседі!