2025 жылдың 10-желтоқсан күні “Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік орталығы” КМҚК және “Атырау индустриалды колледжі” КМҚК ұйымдастыруымен “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында ұлы ойшыл, қазақтың классик ақыны, философ-ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған 📚«Абай мұрасы – ұлттық руханияттың мәңгілік шамшырағы» атты студенттердің облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 📝Конференция мақсаты: — Абай Құнанбайұлының рухани және философиялық мұрасын терең зерттеу арқылы оның ұлттық сана мен мәдениет қалыптастырудағы рөлін айқындау; — Жастарды Абай ілімі негізінде адамгершілікке, ізгілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. 🎓Конференцияға Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің 1-курс студенті Н.Р. Сеймованың жетекшілігімен қатысты.
🔝Кенжебайқызы Ақбота өз жұмысын өте жоғары деңгейде қорғап, Абай шығармашылығы мен философиясы туралы терең ойларымен бөлісті. 🏅Қатысушыларға сертификаттар табысталды.
