«Шетел тілі пәндері» кафедрасының онкүндігі аясында ағылшын тілінен арнаулы пәндер олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиаданың мақсаты – «Аударма ісі» мамандығының білім алушыларының кәсіби бағыттағы ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау, олардың теориялық білімін, тілдік құзыреттілігін және аудармашылық дағдыларын дамыту болды.
Байқауға «Аударма ісі» мамандығынан барлығы 13 студент қатысып, олардың ішінен 7 студент ІІ кезеңге жолдама алды. Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрды: терминологиялық тест, мәтінмен жұмыс, ауызша жауап беру және кәсіби тақырыптағы сөйлеу дағдысын тексеру.
Барлық кезеңнің нәтижесі бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізген студенттер келесі жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Қайдар Дастан (11/23.31 тобы)
2 орын – Исамберген Мирас (11/23.34 тобы)
3 орын – Арынбаева Алина (11/23.34 тобы)
3 орын – Темірхан Арай (11/23.31 тобы)
3 орын – Жакаева Адель (11/24.22 тобы)
Алғыс хат иегерлері:
– Жайсаңбекқызы Ақнұр (11/23.31 тобы)
– Көпболдиева Эльнара (11/23.33 тобы)
Олимпиада студенттердің кәсіби ағылшын тілін қолдану мүмкіндігін арттырып, олардың жауапкершілігін, белсенділігін және шығармашылық ізденісін дамытты.
