You are currently viewing STEM-челлендж 2025: идеядан дайын жобаға дейін

STEM-челлендж 2025: идеядан дайын жобаға дейін

О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында «STEM-челлендж: идеядан жобаға» облыстық байқауы өтті. Шара Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды. Байқау «Үздік цифрлық жоба», «Үздік инженерлік макет» және «Үздік инновациялық шешім» бағыттарын қамтыды.

Прикаспийский многопрофильный высший колледжінен «Үздік цифрлық жоба» бағыты бойынша 2–4 курс студенттері — Марат Е., Михайл Е. және Айдарбек Е. қатысып, бірінші орынға ие болды. Олардың жобасы практикалық маңыздылығымен, заманауи тәсілімен және техникалық тұрғыдан сапалы орындалуымен ерекшеленді.

Қазылар алқасы студенттердің жобаны сенімді түрде қорғауын, командада тиімді жұмыс істей білуін және цифрлық құралдарды дұрыс қолдануын жоғары бағалады. Байқау өңір студенттері үшін инженерлік ойлау мен жаңа идеялармен алмасудың маңызды алаңына айналды.