You are currently viewing КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫ

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫ

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫ

🏆 КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫ

📜 Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының қолдауымен, Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтардың студенттеріне сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары арасында "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі" республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

🎯 Байқаудың мақсаты:

ТжКОБ ұйымдарында оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін топтардың студенттеріне қазақ тілін оқытудың ең тиімді авторлық әдістемелерін анықтау, үздік тәжірибені насихаттау және педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру.

🧑‍🏫 Сарапшылар құрамы:

⌛️ Облыстық кезеңнің сарапшылары ретінде төмендегі мамандар қатысты:

  • Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Аяпова Гүлзира Борамбаевна;
  • ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Салихова Айымгүл Зейнелғабиденовна;
  • «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы м.а. Құлшар Қанат Хамитұлы;
  • Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Кабиева Айнагүл Сергеевна.

🥇 Байқау қорытындысы:

  1. I орынСеймова Нұргүл Райымбековна, Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі;
  2. II орынЖұмағалиева Айгүл Сарсенбаевна, Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі;
  3. III орынСқақова Ақмарал Дайрабекқызы, О.Көшеков атындағы аграрлы-техникалық колледжі.