You are currently viewing «Turkic Skills 2025» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты

«Turkic Skills 2025» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты

«Turkic Skills 2025» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты аясында Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде “Дрон технологиялары: Болашақтағы кәсіптер мен мамандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер” атты семинар өтті. Екі күнге созылған семинарға Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы Иманалиева Самал Төлеуішқызы мен студент Аманқұл Нұрбол қатысып, жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгере отырып Сучжау политехникалық университетінің профессоры Хуан Хаомен халықаралық деңгейде тәжірибе алмасты.


Семинар барысында дрондарды басқару, картографиялау, аэрофототүсірілім және өндірістік процестерді цифрландыру бағыттары кеңінен қамтылды. Қатысушылар жаңа технологияларды білім беру саласына енгізудің тиімді жолдарын талқылап, болашақ мамандарды даярлаудағы инновациялық тәсілдерге тоқталды. Профессор берген практикалық тапсырмалар студенттердің техникалық ойлау қабілетін арттырып, кәсіби бағдарын нақтылай түсті. Сонымен қатар, дрондардың ауыл шаруашылығынан бастап өнеркәсіпке дейінгі түрлі салаларда қолданылу мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды. Семинар жас мамандардың кәсіби өсуіне, халықаралық әріптестікті нығайтуға және заманауи технологияларды меңгеруге үлкен серпін берді. Бұл тәжірибе олардың алдағы кәсіби жолында маңызды қадам болары сөзсіз.