You are currently viewing My Science Project – 2025: жас зерттеушілер алаңы

My Science Project – 2025: жас зерттеушілер алаңы

Колледжіміздегі «Шетел тілі пәндері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Аударма ісі» мамандығының білім алушылары арасында «My Science Project» атты ғылыми жобалар байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – студенттердің зерттеушілік дағдыларын дамыту, шет тілінде ғылыми ақпаратты талдау мен ұсыну қабілеттерін арттыру, сондай-ақ XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру болды.

Студенттер өз ғылыми жобаларын келесі тақырыптар бойынша қорғады:
• «Artificial intelligence and the future»
• «The role of Instagram in teenagers’ self-esteem»
• «Harry Potter as phenomenon of culture»
• «Emojis: a new form of communication»
• «How social media changes the English language»
• «The influence of English on world culture»
• «Music influence»

Қатысушылар тың ақпарат ұсынумен қатар, зерттеу нәтижелерін ағылшын тілінде сенімді түрде қорғап, аудиториямен еркін жұмыс істей білді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер төмендегідей марапатталды:

1 орын – Рего Стефан, Умбетов Адиль (11/23.34 тобы)
2 орын – Некрусова Арина (11/23.32 тобы)
3 орын – Темірхан Арай (11/23.31 тобы)

Алғыс хат иегерлері:
Қайырлы Назерке (11/23.31 тобы)
Жайсаңбекқызы Ақнұр (11/23.31 тобы)
Серикова Мадина (11/23.33 тобы)
Исамберген Мирас, Арынбаева Алина (11/23.34 тобы)

Іс-шара студенттердің ғылыми ізденіс қабілеттерін дамытып, шығармашылық және аналитикалық ойлауын арттырды, сондай-ақ шет тілінде өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік берді.