You are currently viewing Тәжірибе алмасу шеберханасы

Тәжірибе алмасу шеберханасы

🎓 Білім мен тәжірибені ұштастыру – сапалы оқытудың кепілі!
2025жылдың 1-5 желтоқсан аралығында колледжіміздің бір топ оқытушылары ASTANA POLYTECHNIC COLLEGE базасында ынтымақтастық меморандум шеңберінде кәсіби біліктілікті арттыруға бағытталған өзара тәжірибе алмасудан өтіп келді.
🛠 Практикум барысында педагогтер:
☑️Заманауи өндірістік технологиялармен танысты;
☑️ Жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді;
☑️ Инженерлік, техникалық және IT бағыттар бойынша тәжірибелі мамандардан әдістемелік кеңес алды;
☑️ Оқу үдерісін практикалық дағдылармен тиімді ұштастырудың жаңа тәсілдерін меңгерді.
💡 Бұл тәжірибе алмасу оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға, жаңа білім мен тәжірибені оқу процесіне енгізуге үлкен мүмкіндік берді.

👏 Біздің педагогтердің үздіксіз дамуға деген талпынысы – студенттеріміздің сапалы білім алуына жасалған маңызды қадам!