You are currently viewing Ұлттық құндылық және педагогикалық шеберлік: байқау нәтижелері

Ұлттық құндылық және педагогикалық шеберлік: байқау нәтижелері

Ұлттық құндылыққа негізделген педагогикалық шеберлік: әдістемелік онкүндік шеңберіндегі байқау қорытындысы

«Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының «Педагогикалық мамандықтарды оқытудағы ұлттық құндылық парадигмасы: жасанды интеллект негізіндегі жаңаша көзқарас және кәсіби өсу» атты әдістемелік онкүндігі аясында студенттердің кәсіби шеберлігін арттыру, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін жетілдіру, біліктіліктерін дамыту және ғылыми қабілеттілігін шыңдау арқылы креативті, үздік студенттерді анықтау мақсатында «Мен болашақ педагогпін!» атты облыстық байқау өткізілді.

Шара өте тартысты өтті. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша өз шеберліктерін көрсетті:

  • Сабақ фрагментін өткізу – заманауи әдіс-тәсілдермен дайындалған шағын сабақ үлгісі ұсынылды.
  • ҚМЖ құрастыру – оқу мақсаттарын анықтау, әдіс пен бағалау критерийлерін құрастыру бойынша кәсіби біліктіліктерін көрсетті.
  • Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру – ұстаз бен ата-ана байланысының тиімді моделі ұсынылып, тәрбиелік бағыттағы сценарий қорғалды.
  • Тест тапсырмаларын орындау – педагогика пәні бойынша кәсіби білімдері тексерілді.

Байқау нәтижесі:

«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы

1️⃣ орын – Фазылова Захара Райымбековна (Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі)

2️⃣ орын – Сарбас Сания Рсбайқызы (Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі)

3️⃣ орын – Қабижан Дильназ Қабижанқызы (Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі)

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығы

1️⃣ орын – Едрешова Нурай (Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі)

2️⃣ орын – Аманжанова Асылай Аликқызы (Атырау жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі)

3️⃣ орын – Ғалымқызы Дильназ (Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі)

Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Болашақ педагогтардың қанаттанып, кәсіби жолында биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!