🇰🇿Бүгін ҚР Мемлекеттік Гимні авторларының бірі, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай оқушылар мен студенттер арасында «Менің Қазақстаным» атты облыстық жыр байқауы өтті.
🔈Байқаудың мақсаты – қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығын насихаттап, жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік рухты дәріптеу.
📌 Нәтижесінде Сарсен Наргиза (жетекшісі Н.Р.Сеймова) 1-дәрежелі дипломмен және Таңат Балжан (жетекшісі А.С.Жумагалиева), Шайдолла Аманат (жетекшісі Р.А.Орынбасаров), Жазбай Айнұр (Д.Р.Жұмаш) алғысхаттармен марапатталды!
✔️Бұл – жас таланттарымыздың еңбегі мен жетекшілерінің шығармашылық ізденісінің жарқын жемісі. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
