📣 ЖАҢА МАМАНДЫҚ – ЖАҢА СЕРІКТЕСТЕР!
Биылғы оқу жылы біздің оқу орнымыз үшін маңызды! 🎓
Білім беру бағдарламаларының қатары тағы бір маңызды бағытпен толықты — «Логопедия» мамандығы ашылды! 🗣️
Білім беру саласын дамыту және инклюзивті қоғамды қолдау бағытында ашылған бұл мамандық ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен ересектердің сөйлеу тілін түзету, дамыту және коммуникациялық қабілеттерін жетілдіруді мақсат етеді.
Осыған орай, Колледжіміз Атырау облысы білім беру басқармасының “Облыстық арнайы мектеп-интернаты” және “Тілашар” арнайы түзету балабақшасымен өзара ынтымақтастық туралы академиялық меморандум жасасты. 🤝
Бұл келісімдер білім-тәжірибе-жұмыс байланысын нығайтып, оқытушылардың логопедиялық және дефектологиялық әдістемелерін жетілдіруге, болашақ логопед мамандарына білім беруге, кәсіби тәжірибеден өтуге, еңбек нарығына бейімделуге және сапалы жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жаңа бағыт студенттерге сөйлеу бұзылыстарын диагностикалау, жеке дамыту бағдарламаларын құрастыру және заманауи коррекциялық құралдарды қолдану дағдыларын меңгеруге жағдай жасайды.
Колледжіміз практикалық сабақтарды арнайы орталықтарда өткізіп, студенттерге нақты жағдайларда жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынады.
Логопедия мамандығы бойынша білім алу болашақ мамандарға инклюзивті білім беру мекемелерінде, балабақшаларда, мектептерде және медициналық орталықтарда еңбек етуге жол ашады.
Біз жаңа серіктестермен бірлесе отырып, өңіріміздегі логопед мамандарының жетіспеушілігін азайтуға өз үлесімізді қосуды көздейміз.
Алдағы уақытта қосымша семинарлар, тренингтер және бірлескен жобалар ұйымдастыру жоспарлануда.
Бұл шаралар студенттердің кәсіби құзыретін арттырып қана қоймай, өңірдегі инклюзивті білім беру сапасын көтеруге ықпал етеді.
Біз серіктестерімізге бірлескен жұмыс пен қолдау үшін алғыс білдіреміз және логопедия саласында білікті, заманауи, кәсіби мамандар даярлау ісінде табыс тілейміз!
