«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКА: ОҚЫТУШЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ»
Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКА: ОҚЫТУШЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ» атты педагогтерге арналған тренинг-форум өтті. Бұл форум Колледж, Мектеп және AI менторларының “AI & PMVK” коллаборациясы түрінде ұйымдастырылды.
📱 Мақсаты: Оқытушылардың жасанды интеллект (AI) технологияларын тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, білім беру процесін жаңғырту және заманауи педагогикалық әдістерді енгізуге ықпал ету.
✅ Форум аясында Колледж басшысы Мухтаров М.Х. @caspian_college, “Сенім” элитарлық мектеп-балабақша басшысы Муканова Г.С. @senim_senim_senim және Каспий «Инновациялық технологиялық паркі” Atyrau hub қоры басшысы Каржауов P. @ravil_karzhauov, @atyrau_it_hub өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Бұл меморандум білім беру ұйымдарының Atyrau hub кластерлік қорымен ортақ жобаларды жүзеге асыруға және білім сапасын арттыру бағытында бірлескен жұмыстарды дамытуға мүмкіндік береді.
🔷 Тренинг-форумда:
🖇️ КЕЙС 1. – Білім беру ортасындағы теориялық алаң
- 🎓 Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің спикері Исагалиева А.
- 🎓 APEC PETROTECHIC жоғары колледжінің спикері Тулегенова К.
- 🎓 Колледжіміздің спикері, педагог-зерттеуші Ишутина И. өз кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
🖇️ КЕЙС 2. – Интерактивті практикалық алаң
- 💻 «КАЗРОБОТИКС» Атырау облысы бойынша басшысы Аскар Алдан @kazrobotiks.atyrau
- 💻 «ATYRAU HUB» технопаркінің CEO, “IT META” менеджері Ерсайын Н. менторлық жұмыстарын көрсетіп, практикалық дағдыларымен бөлісті.





















