Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен және “Жәрдем-Атырау” қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Рухани келісім күні аясында “Ұлт құндылығы – жастар көзімен” атты театрландырылған қойылымдар байқауы өтті. Бұл байқау жастардың ұлттық сана- сезімін, рухани бірлікті және мәдени мұраға деген құрметін арттыруды мақсат етті.
Колледж студенттері сахна төрінде “Тура жолдан тайма” атты әсерлі де мазмұнды авторлық қойылым қойып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Олардың өнері қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, байқау нәтижесінде жүлделі ІІІ орынға лайық деп танылды. Сонымен қатар, жеңімпаз команда 70 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болды. Бұл жетістік студенттердің шығармашылық қабілеттері мен рухани құндылықтарға адалдығын дәлелдеді. Осындай шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға зор үлес қосады.
