🔷 2 қазан – елімізде алғаш рет Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні ретінде ресми атап өтілуде. Бұл – кәсібімізге деген құрметтің, салаға берілген жоғары бағаның айғағы.
Білім беру саласының маңызды бір тармағы – Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жылдан-жылға дамып келеді. Колледждеріміз – еңбек нарығына қажетті мамандар даярлап, ел экономикасының тірегіне айналып отыр!
Осы мерекеге орай, колледж дамуына өз үлестерін аянбай қосып жүрген әріптестеріміз:
🔷Ищанова Айтбике,ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен;
🔷 Сарекенова Санди Кимаевна, Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен;
🔷 Иманалиева Самал Төлеуішқызы, Атырау облысы білім беру басқармасының Алғыс хатымен;
🔷Молдашева Роза Жабиновна, 🔷Оспанова Шолпан Куттыбаевна, 🔷Каражанова Галия Кубайдуллаевна Атырау облысы Білім беру басқармасының жанындағы Ардагерлер кеңесінің Алғыс хаттарымен мадақталды.
Барша әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт, серпінді серіктестік тілеймін!







