You are currently viewing Ұстаздар күні мен Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні құтты болсын!

Ұстаздар күні мен Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні құтты болсын!

Құрметті колледж ұстаздары!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күнімен және Ұстаздар мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер — болашақ білікті мамандарды тәрбиелеп, еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жансыздар. Осындай үлкен жауапкершілікті, шексіз сабыр мен жүрек жылуын талап ететін аса қадірлі қызметтің ауыр жүгін арқалай жүріп, мемлекетіміздің лайықты азаматын қалыптастыру міндетіне әркез адалдық танытып, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасап келесіздер.

Бүгінгі күні сіздердің арқаларыңызда мыңдаған түлектер еліміздің түкпір-түкпірінде өз саласында еңбек етіп, зор жетістікке жетіп жүр. Олардың табысы — сіздердің еңбектеріңіздің жемісі.

Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс пен абырой тілеймін! Шәкірттеріңіз үмітті ақтасын, биік шыңдарды бағындырсын!

Баршаңызға алғысымыз шексіз!

Құрметпен, Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің директоры, п.ғ.к., М. Мухтаров