You are currently viewing Футзал турнирі — бірлік пен достықтың алаңы

Футзал турнирі — бірлік пен достықтың алаңы

Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің бастамасымен Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күніне орай облыстық деңгейде футзалдан турнир өткізілді. Аталған дода жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өңір колледждерін бір шаңырақ астына жинап, спорт пен білімнің, достық пен ынтымақтың мерекесіне айналды.

Турнирдің басты ерекшелігі – әр команда 5 оқытушы мен 5 студенттен құралды. Бұл ұстаздың тәжірибесі мен жастың жігерін үйлестіріп, тәлімгер мен шәкірт арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
🥇 Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі
🥈 APEC Petrotechnic колледжі
🥉 Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

Турнирге қатысқан колледждер:

  • Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі
  • Атырау жоғары медициналық колледжі
  • Атырау көлік және коммуникация колледжі
  • APEC колледжі
  • Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы
  • Атырау энергетика және құрылыс колледжі
  • Қызылқоға аграрлық-техникалық колледжі
  • Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі
  • О.Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжі
  • Махамбет көпбейінді ауылшаруашылығы колледжі
  • Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі
  • Атырау бизнес және құқық колледжі

Барлық қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз! Білімде де, спортта да биіктерді бағындыра берейік!