You are currently viewing Бірінші курс студенттерінің туристік слеті

Бірінші курс студенттерінің туристік слеті

27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне орай Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде бірінші курс студенттері арасында туристік слет ұйымдастырылды.

Студенттер үшін қызықты бағдарлама дайындалды:
✅ спорттық сайыстар
✅ жергілікті жерде бағдарлау
✅ топтық эмблеманы қорғау

✅КТК

Бұл жарыстар қатысушылардың тек дене шынықтыру деңгейін ғана емес, сондай-ақ олардың тапқырлығын, ұйымшылдығын және шығармашылығын да сынады. Достық пен өзара қолдау атмосферасы турслетті студенттік өмірдің ең жарқын оқиғаларының біріне айналдырды.

Сайыс нәтижелері:
🥇 1 орын – Педагогикалық мамандықтар және Аударма ісі бөлімі
🥈 2 орын – Ақпараттық-техникалық бөлім
🥉 3 орын – Экономика және Құқықтану бөлімі

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділігі мен командалық рухы үшін алғыс білдіреміз.