«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырған Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылар арасында облыстық әдеби байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты:
–Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа қаламгердің әдеби мұрасын таныстыру;
–Өңіріміздегі дарынды жастардың шығармашылық әлеуетін таныту, оларға қолдау көрсету;
–Кітап оқу мәдениетін насихаттау және әдебиет арқылы адамгершілік, рухани құндылықтарды дәріптеу.
Аталған байқаудың «Поэзия» аталымы бойынша колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Орынбасаров Рақымжан Асқарұлы жоғары кәсіби шеберлігін танытып, жүлделі II орынға ие болды! 🏆
Бұл жетістік – ұстазымыздың табанды еңбегінің, шығармашылық ізденісінің және жас ұрпаққа үлгі боларлық еңбегінің нәтижесі. Ұжымымыз атынан Рақымжан Асқарұлын құттықтап, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындырып, шығармашылық табыстарға жете беруін тілейміз!
