Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде 2025-2026 оқу жылына білім беру бейіні бойынша жаңа мамандық ашылды!!!
Мамандықтың атауы: 01130100 «Логопедия».
Біліктіліктің атауы: 5АВ01130101 «Логопед қолданбалы бакалавры». Оқу мерзімі: 11-сынып негізінде- 2 жыл 10 ай ТжКББ негізінде (білім бейіні бойынша колледж дипломы)-10 ай.
Неге логопед мамандығы?
✅ Сұранысы жоғары – балабақшада да, мектепте де, жеке қабылдауда да қажет маман.
✅ Еркіндік – онлайн да, офлайн да жұмыс істеп, уақытты өзіңіз реттейсіз.
✅ Жоғары табыс – жеке практика арқылы тұрақты әрі лайықты табысқа қол жеткізесіз.
✅ Шығармашылық – әр балаға ойын, сурет, қимыл арқылы ерекше әдіс қолданасыз.
✅ Мағыналы еңбек – баланың алғашқы дұрыс сөзін естіп, ата-ананың қуанышын көру – ең үлкен сый.
🌿 Логопед мамандығы – тек кәсіп емес, жүрекке жақын, болашаққа салынған инвестиция!












