Ақтөбе облыстық білім беру басқармасымен ұйымдастырылған «Өндірісті автоматтандырудағы жаңа тенденциялар: ХХІ ғасыр технологиялары студенттік РЕСПУБЛИКАЛЫҚ онлайн ғылыми-практикалық конференция өткізілді. I студенттік республикалық онлайн ғылыми-практикалық конференция техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Электротехника және энергетика (071 — Инженерия және инженерлік іс: 0714 — Электроника және автоматтандыру») бейіні бойынша білім алушы студенттер арасында өткізілді. Конференцияның мақсаты: өндірісті автоматтандырудағы заманауи технологиялардың мүмкіншіліктерін зерделеу, студенттердің ізденушілікке, мамандыққа деген қызығушылықтарын
арттыру, студенттердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру. Конференцияға студентіміз Альмуханов Нурдаулет өзінің «Ақылды үй» жобасын қорғап🥇1️⃣-орын иеленді. Жетекшісі Иманалиева Самал Тулеушовна. Студентіміз Саламат Балтума конференцияға белсенді қатысқаны үшін 🏆 Алғыс хат иеленді.
/ғылыми-әдістемелік бөлім/