21 қарашада Атырау жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен
«Цифрландыру дәуіріндегі ғылым мен білім беруді дамытудың заманауи үрдістері» атты
облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Өзекті ғылыми тәжірибелік мәселелер бойынша тәжірибе алмасу, озық тәжірибелер тарату мақсатында ұйымдастырылған конференцияға 20-дан астам баяндамалар келіп түскен. Алайда
ТжКББҰ педагогтарының кәсіби құзыреттіліктерін, мәртебесін арттыру, іс-тәжірибелерді кеңейту міндеттеріне сәйкес 9 баяндама үздік деп танылып, жоғары колледж оқытушылары Ишутина Ирина Рашидовна және Шайдуллаева Айсулу Нургабыловна өз баяндамаларын қорғады.
Нәтижесінде Ирина Рашидовна сертификатпен, Айсулу Нургабыловна жүлделі 2-орын және сертификатпен марапатталды.
/ғылыми- әдістемелік бөлім/