«ДЕПАРТАМЕНТТІҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2022 жылғы
№1147 қаулысына сәйкес, «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2023 жылға арналған жобалар картасының» 20 тармағына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 мамыр күні сағат 10.30-да Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өткізіледі.

Білім саласына қатысты сұрақтарыңыз болса «Ашық есік күніне» қатысып, тиісті сала мамандарынан жауап алуыңызға болады.

Біз Сіздерді күтеміз!