ОқуғаҚұштарКолледж #ЧитающийКолледж #КӨҚЗЖК #ПСВК
9 қазан күні облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері колледж студенттеріне қонаққа келді. Және олар құр алақан емес, түрлі ақпаратпен, кітаптармен келді.
17/21.21 тобына (кураторы Б.Т. Амиргалиева) «Есірткі – жас өмірді улаушы» атты ақпараттық шолу өткізілді. Оны орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Молдашева Жұлдыз Зұлқожақызы жүргізді. Облыстық балалар кітапханасы мен колледж кітапханасы қорынан тақырыпқа сай әдебиеттер көрмесі қойылды.
Колледж кітапханашысы Броварник Ирина Анатольевна ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық мәліметтерін келтірді. 2018 жылдың мәліметі бойынша 22 865 науқас есепте тұр. Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр, екінші орында Астана қаласы, үшінші орында Қостанай облысы. Қазақстанда 100 мың адамға 124,9 нашақордан келеді. «Нашақорлық туралы 7 әсерлі кітап» виртуалды кітап көрмесі көрсетілді.
Кітапханашы Молдашева Ж.З. есірткі және есірткі заттарының зияны туралы айтты. Әңгіме бүгінде жастардың есірткіні неліктен тұтынады дегенге ұласты. Бұл не? Сәнге құрмет пе, жаман әдет пе, әлде ересек адам сияқты көрінгісі ме? Олар жағдайы нашар отбасының балалары болуы мүмкін бе? Неге бұлай болып жатыр, жастар неге темекі шегеді, есірткі пайдаланады? Осындай сұрақтар төңірегінде жігіттер өз ойларын ортаға салды. Бала тәрбиесіне көңіл бөлетін тату-тәтті, берік отбасы – салауатты отбасы. 17/21.21 тобының ең белсенді қатысушысы Әлішер Ізтаевқа үздік пікірі үшін кітап сыйға тартты.
Ал, болашақ программистер 4/21.21 тобында (кураторы Ахметов Т.Е.) «Ғаламтор: пайдасы мен зияны» тақырыбында пікірталас өтті. Оны орта және жоғары мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Әлжанова Нұрзат Кенжебекқызы өткізді. Облыстық балалар және колледж кітапханасы қорындағы әдебиеттер ұсынылды. Ал облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Кітапханашылар күніне арналған дөңгелек үстелге қатысқан 1/22.11 тобының студенттерін (кураторы Сеймова Н.Р.) жағымды тосын сый күтіп тұрды. Ең белсенді қатысушылар Рамазанова Сабина, Нұрсұлтанова Ұлдай және Өтеулі Асемгүлге балалар кітапханасы қызметкерлерінің атынан кітаптар сыйға тартылды.